14 қаң, 2021 сағат 14:57

Батыс Қазақстанда республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 14.15-тен бастап боран мен желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуіне байланысты республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (31-104 км) жолында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. 

Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлап, ескерту жарияланғанын жеткізді.