22 мау, 2021 сағат 01:02

Батыс Қазақстанда орман отқа оранды


Батыс Қазақстан облысында орман отқа оранды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 маусым күні Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінде болды.

Сағат 13.15-те Қызылжар елді мекені маңында 9,5 гектар алқапта орман (қарағаш және терек) өртенді.

Оқиға орнында ТЖ департаменті (41 адам, 4 техника), орман шаруашылығы мекемесі (40 адам, 3 техника), жергілікті атқару органдары (10 адам, 2 техника) күштері жұмыс жасады. 

«Тілсіз жау» сағат 18.20-да оқшауланып, 22.14-те ауыздықталды. 

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 23 маусым күні облыста 39 градус ыстық болуы ықтимал. 

БҚО ТЖ департаменті соңғы кезде күннің қатты ысуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталып отырғанын ескертеді.