14 қаң, 2021 сағат 18:01

Батыс Қазақстанда күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті

Батыс Қазақстан облысында күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қаңтар күні сағат 14.40-та Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылында болды. 

Екпіні секундына 22 метрге дейін жеткен қатты жел салдарынан орта мектеп ғимаратының шатыры сыпырылып түсті. Оның аумағы 1266,8 шаршы метрді қамтыды. 

Ғимараттың жалпы ауданы - 1778 шаршы метр. 

Зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.