#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

Батыс Қазақстанда киік атқан тұрғындар сотталды

  • 06.08.2020
  • 0
  • 195

БҚО-ның Қазталов ауданында киік атқан Мұрадым Айтжанов пен Дәулет Айтжанов аудандық сот үкімімен сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазталов ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Марлен Қарабаевтың мәлім еткеніндей, аталған тұрғындар ҚР ҚК 337-бабы 6-бөлігі 2-тармағы және 339-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылды.

М.Айтжанов пен Д.Айтжанов мүліктерін тәркілеусіз алты жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 10 жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. 

Сот талқысында белгілі болғанындай, аталған екеу 12 мамыр күні сағат 11.30 шамасында тіркелмеген, мемлекеттік нөмірі жоқ «Toyota Land Cruiser-80» маркалы автокөлігін пайдаланып, алдын ала сөз байласып, Қазталов ауданы Қазталов ауылына қарасты Бозай-2 қыстағының маңына барған. 

Сол жерде М.Айтжанов автокөлікпен киіктерді қуып, ал Д.Айтжанов заңсыз сақтап жүрген ИЖ-18 ЕМ-М маркалы «92117970» 12 калибрлі аңшылық қаруымен 15 киіктің текесін атқан. Содан кейін 30 мүйізді кесіп алып, киік ұшасын сол жерге тастап кеткен. 

Қылмыс үстінде Қазталов ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің қолына түскен олар мемлекетке 62,505 млн теңге (15 киіктің құны) көлемінде материалдық залал келтірген. 

Сот үкіміне сәйкес аталған автокөлік тәркіленді, киік мүйізі жойылды. Сотталушылардан 62,505 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Үкім күшіне енген жоқ. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар