19 там, 2020 сағат 15:21

Батыс Қазақстанда кен орнында вагондар өртенді

Батыс Қазақстан облысында кен орнында вагондар өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 тамыз күні сағат 02.21-де Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев газконденсат кенішінде орын алды.

«БекЖол – Құрылыс» ЖШС-ның вагондары жанды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-ның 14 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Өрт салдарынан жеті вагон мен ондағы мүліктер отқа оранды.

Өрт сағат 04.49-да сөндірілді.

 

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.