18 қар, 2020 сағат 10:16

Батыс Қазақстанда қараша айында 70-ке жуық бала коронавирус жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында қараша айында 68 бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 18 қарашадағы мәлімет бойынша, КВИ анықталған 65 баланың 61-і – мектеп оқушысы, жетеуі – балабақша тәрбиеленушісі.

Қыркүйек айында 4, қазанда 5 оқушы және 2 балабақша бүлдіршіні ауырған болатын. Бұл қараша айында індеттің өршіп кеткендігін көрсетеді. Балалардың бәрі де ауруды отбасы мүшелерінен жұқтырған.

Облыста соңғы тәулікте 37 адамнан коронавирус табылды. 

Індет басталғаннан бері ауырғандар саны 7564-ке жетті.

Пневмонияға шалдыққан 94 адам стационарда, 38-і амбулаторлық ем алуда. 

Өкпені жасанды желдету аппаратына 2, оттегі концентраторына 2 адам қосылған. 

Жұқпалы аурулар ауруханаларында 120, карантиндік стационарда 39 адам жатыр. 8 адам жансақтау бөлімінде.