09 шіл, 2021 сағат 22:42

Батыс Қазақстанда карантин шаралары күшейтілді


Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 9 шілдедегі қаулысына сәйкес COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерді (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмысқа жіберу шектеледі.

Сондай-ақ ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлеріне (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жеті күнде бір рет міндетті ПТР тестілеу жүргізіледі.

Саябақ, жағалау, аландарда және скверлерде балаларға және ересектерге арналған көлік құралдарын (электромобиль, педальді машина, скутер, картинг, гироскутер және т.б.) жалға беруге тыйым салынады. 

Басқа да шектеу шаралары сақталады. 

Аталған қаулы 11 шілдеден бастап күшіне енеді.