Батыс Қазақстан облысында ірі дүкен өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 26 тамыз күні Сырым ауданы Жымпиты ауылында орын алды.
Сағат 22.45-те Алашорда көшесі 21-мекенжайында бір қабатты «Эверест» дүкенінің шатырынан өрт шыққаны жөнінде хабар түсті. Оның аумағы шамамен 420 шаршы метрді қамтыды. Ғимараттың төбесі опырылып түскен.
Өрт 27 тамыз күнгі сағат 01.49-да оқшауланып, 03.10-да толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталуда.