Батыс Қазақстан облысында 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның ішінде Оралда 600 төсектік 5 стационарда 375 науқас емделуде.
Соның ішінде 36-сы жансақтау бөлімінде жатыр.
Басқарма мәліметіне қарағанда, 1444 (679-ы инфекциялық, 765-і карантиндік) төсек-орын резерв ретінде әзірленді.
Алдыңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 13 адам ғана тіркелсе, кеше 88 науқас анықталды.
Соңғы тәулікте алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 7,2 пайызға (37) төмендеді.
Індет басталғаннан бері облыста барлығы 24189 адам сырқаттанып, 19378-і сауығып шықты.
Коронавирустан қайтқандар саны - 364.
