Батыс Қазақстан облысында трассада дәрі-дәрмек тиелген «ГАЗель» автокөлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 қараша күні сағат 23.49-да Орал-Атырау жолы бойында, Ақжайық ауданы Самал елді мекені тұсында болды.
«Муратова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі, 21 жасар жүргізуші айдап келе жатқан «ГАЗель» автокөлігі отқа оранды.
Өрт сағат 00.45-те оқшауланып, 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Орал-Атырау 105- шақырымында болғанын жеткізді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.