
Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 27 желтоқсан күні жергілікті сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (Теректі ауданы Подстепный ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы) және Орал-Атырау (Орал қаласы – Атырау облысы шекарасы) жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жабылу себебі – боран, жабысқақ қар, көктайғақ.
