Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын енгізуге қатысты БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 11 тамыздағы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қаулы қол қол қойылғаннан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін сенбі және жексенбі күндері барлық нысандардың қызметі тоқтатылған болатын. Енді «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың қызмет мерзімі ұзартылды, олар демалыс күндері де жұмыс істей алады.
Мысалы, базарлар осыған дейін сағат 17.00-ге дейін ашық болса, бұдан былай «Ashyq» жобасымен өз кестесіне сәйкес жұмыс істей алады. Сол секілді сауда үйлері «Ashyq» жобасымен сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді. «Ashyq» жобасына қатысатын монша, сауналар да өз кестесіне сәйкес жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ қоғамдық көліктер санитарлық талаптарды сақтай отырып, демалыс күндері де жүретін болды.
Басқа карантин талаптары сақталады.