10 нау, 2021 сағат 09:40

Батыс Қазақстанда 300-дей жүк көлігі жол кептелісінде тұрып қалды (Видео)

Батыс Қазақстан облысында 300-дей жүк көлігі жол кептелісінде тұрып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 02.41-де Шыңғырлау ауданы аумағында Самара-Шымкент жолының 489-522 шақырымы аралығында болды.

Ақтөбе облысы шекарасына 4-5 шақырым жетпей, әр жерде 300-дей жүк және 50 жеңіл көлік кептеліп тұрып қалған.

Олар құтқарушылардың ауа райының бұзылатыны жөніндегі ескертуіне қарамастан, жолға шыққан.

Қазіргі кезде кептелісті жою жұмыстары жүргізілуде.

Сағат 09.30-дағы мәлімет бойынша 257 жүк көлігі қалды. Жеңіл көліктер жолға шығып кетті.