#
#
Дүйсенбі 08/03/2021

Батыс Қазақстанда 2652 дана киік мүйізі тәркіленді

  • 21.01.2021
  • 0
  • 228

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 2652 дана киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, өңірде киіктер Бөкей ордасы, Жәнібек, Қазталов, Жаңақала, Тасқала және Ақжайық аудандарының жерін мекендейді.

Қайрат Темірғалиұлының сөзіне қарағанда, 2019 жылғы соңғы санақ облыста киік саны 217 мыңға жеткендігін көрсетті. 2020 жылы індетке байланысты жоспарлы санақ жүргізілген жоқ. Биыл санақты сәуір айында өткізу жоспарланып отыр. Мониторинг бойынша киік санының қарқынды түрде өсіп келе жатқаны байқалады. 

Киікті аулауға, оның бөліктерімен айналысуға 2023 жылға дейін тыйым салынған.

Өткен жылы киікті аулауға және оның бөліктерімен заңсыз айналысуға байланысты 44 қылмыстық іс қозғалып, 2019 жылғыдан (26) едәуір өсті. 9 қылмыстық іс сотта қаралып, 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде екі адам 6,6 жылға бас бостандығынан айырылды. 1 қылмыстық іс тоқтатылды. Қалған істер бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Құқық бұзушылардан 2652 дана мүйізге қоса атылған 491 киік ұшасы табылды. Сондай-ақ 8 автокөлік, 2 қаршана, 2 мотоцикл және 9 атыс қаруы тәркіленді. Сотпен 62,5 млн астам теңге өндірілді. 

Соңғы жылдары киіктің жайылымдық және шабындық жерлерді отап кететіні жөнінде тұрғындардан арыз-шағымның жиілегені белгілі. 

Бұған байланысты инспекция басшысы киік санының реттелуі болашақтың еншісінде екендігін, ғылыми негізде шешім қабылданатынын жеткізді.

«Бөкейорда» табиғи резерватын құруға байланысты айтарым, бұл жағынан Батыс Қазақстан облысы кенже қалып отыр. 2013 жылы техникалық-экономикалық негіздеме жасалғанымен, заңды тұлға әлі белгіленген жоқ. Қазіргі кезде мұнымен уәкілетті орган – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тікелей айналысуда. Құжаттар тиісті органдармен келісілуде. Браконьерлерден тәркіленген мүйіздерді пайдаға асыру жағы қарастырыла ма? деген сауалға орай мұның маңызды мәселе екендігін айтқым келеді. Кейбір нормативтер бір-біріне қайшы келеді. Әрине, киік мүйіздерінен бюджетке заңды түрде табыс түссе, ол ұтымды болар еді. Бұл мәселемен де аталған комитет шұғылдануда», деді Қ.Қадешев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР