#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары ұзартылды

  • 02.08.2020
  • 0
  • 186

Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шаралары 3 тамыздан бастап 16 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2 тамыз күнгі қаулысына сәйкес, бұрынғыша сағат 23.00-ден бастап таңғы 06.00-ге дейін автокөлік қозғалысына тыйым салынды. 

Сол секілді сенбі, жексенбіге келетін 8, 9, 15 және 16 тамыз күндері ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ осы күндері қоғамдық көлік те жүрмейді. 

Дегенмен қоғамдық тамақтану нысандарына (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін) тек ашық ауада (жазғы алаңдар) ұжымдық іс-шараларды өткізбей (үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтау, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істеуге, сондай-ақ белгіленген уақыт аралығында жеткізу және шығарып беру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

Меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар