Батыс Қазақстан облысында қыркүйек айынан бері 20 мұғалім коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның үшеуі – бастауыш сынып мұғалімдері.
Осы уақыт аралығында Орал қаласы бойынша 18, аудандарда 10 сынып карантинге жабылды.
Сондай-ақ қыркүйек айынан бері 6 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды.
Өңірде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 42 адам тіркелсе, соның 14-інде ауру белгілері байқалған. Қалған 28 адамда ауру симптомсыз өтуде.
Індет басталғаннан бері облыста барлығы 7499 адамның ауырғаны анықталып, соның 6954-і жазылып шықты. 128 науқас көз жұмды.