Ер адамның айтуынша, соққы көрген сәттің видеосын отбасының танысы түсірген. Ол сондай-ақ баланың арқасы қатты қызарғанын және соққыдан немесе ас үй құралдарымен тиген жарақаттар бар екенін хабарлаған.
«Баланың арқасы түгел қызарып кеткен, қатты көгерген. Қарап тұрса, ас қасықпен соққан сияқты. Ол психикалық ауытқулы», – деді әкесі.
Мәліметке қарағанда, балалардың анасы 28 жаста, әкесі – 30 жаста. Отбасыда 2 және 4 жасар екі бала бар.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әйелді полиция бөліміне жеткізіп, уақытша ұстау изоляторына орналастырды. Балалар қауіпсіздікте.
Қадағалау және қорғаншылық органдарына ата-аналық құқықтан айыру мәселесін қарастыру үшін ұсыныс жолданды.

