09 сәу, 2025 сағат 15:01

"Баспа ісі, театрлар мен кітапханалар, мұражайлар мен қолөнер саласын салықтан босату керек"


Фото: stan.kz

9 сәуірде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Салық кодексі бойынша алғашқы оқылым өтті. Онда депутат Асхат Аймағамбетов баспа ісі, театрлар мен кітапханалар, мұражайлар мен қолөнер саласын салықтан босату керектігіне қатысты айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Кітаптар мен баспаны қолдауымыз керек деген Мәжіліс депутатының пікірінше егер ҚҚС-ты төмендетпесек, кітаптар одан сайын қымбаттайды, ал балалар тек YouTube пен TikTok көреді.

"Франция, Жапония сияқты елдерде кітапқа мүлде ҚҚС салынбайды немесе үлкен жеңілдіктер бар. Бұрын соғыс кезінде адамдар от ішінен кітапты алып шығатын. Ал біз қазір сол кітапқа салық салып отырмыз. Сондықтан кітап пен балаларға арналған баспа өнімдерінен ҚҚС-ты алып тастайық. ", - дейді ол.


Сонымен қатар депутат театрлар, кітапханалар, мұражайлар мен қолөнер — бизнес емес бұл мекемелерді корпоративтік табыс салығынан босату қажет деп есептейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Салық кодексі бірінші оқылымда мақұлданды.