23 там, 2017 сағат 15:59

Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Бас прокурордың орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Андрей Иванович Лукин Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Лукин Андрей Иванович - 1961 жылғы 28 шілдеде туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институты - өндірістік және азаматтық құрылыс бойынша білім алған. Бұдан кейні Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығын тәмамдап шыққан.