14 нау, 2022 сағат 12:27

Бас прокурор: Алматы қаласы ҰҚК департаментінің бастығы Мажилов қамауға алынды


Мәжілістің жалпы отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына ауызша жауап берген ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің жалпы отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына ауызша жауап берген ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау бойынша мәлімет берді. 

«5 қаңтарда Алматы қаласындағы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы 2 полиция департаменті мен ҰҚК-нің 3 департаменті өз ғимараттарын қарумен қоса тастап кеткен. Осы фактілер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі бөлігі аяқталды. 

Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Мажилов қамауға алынды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдерді жинау және талдау жүргізілуде», - деді Берік Асылов.

Сондай-ақ, Бас прокурор Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығының өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын атап өтті.

«Бұрынғы Қорғаныс министрі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деді ол.