01 мау, 2024 сағат 20:25

Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

Бас прокуратура қазақстандықтарға алаяқтық деректері туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


Құзырлы мекеме мессенджерлерде жалған парақшалар ашу, прокуратура органдарының қызметкерлерінің, тіпті басшылығының атынан алаяқтық белгілері бар қоңыраулар мен хабарламалар жіберу дерегі жиілеп кеткенін айтып отыр.

"Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады. Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.