Алматыда «Қазына» базарында халық тұтыну тауарлары сақталған екі қабатты бірнеше контейнер өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.
Түс уақытында тұрғындар Алматы барахолкасынан қою түтін шығып жатқанын хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 21 қыркүйекте сағат 12:14-те Алатау ауданы Солтүстік айналма жол 34 мекенжайындағы Қазына базарына күштер мен құралдар жіберілген.
Оқиға орнына жеткенде 6 минуттан кейін (12.20), жалпы 120 шаршы метр аумақта бірнеше екі қабатты контейнер өртенгені анықталған және өрттің көрші контейнерлерге таралу қаупі туындаған.
Сурет: ТЖД баспасөз қызметінен
Барлау кезінде бірінші бөлімше бұл аймақта су аз екенін хабарлады. Сондықтан өрт сөндіру автоцистерналарымен су жеткізу жұмыстары дереу ұйымдастырылды, осылайша суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Жедел штаб пен екі жауынгерлік аймақ құрылды. 40-тан аса адам мен 14 техника жұмылдырылды. Аймақты жол полициясы күштері қоршауға алды. Қабылданған шаралар арқылы өрт 18 минутта, түнгі сағат 12:38-де оқшауланды.