18 мау, 2023 сағат 18:05

Банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алған басқыншы ұсталды

Фото: видеодан скриншот

Kaspi bank ғимаратындағы күштік операция сәтті аяқталды. Кепілге алынғандар босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылған.

"Барлық қызметкер шығарылды. Басқыншы ұсталды. Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ.

Басқыншымен келіссөзді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарды" - делінген хабарламада.

  видео: Халық Үні Telegrm-арнасы


видео: Tengrinews.kz