08 шіл, 2021 сағат 13:12

Балық аулауға шыққан азамат Сырдарияға батып кетті


Қызылорда тұрғыны, балық аулауға шыққан 46 жастағы азамат Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға кеше, 7 шілдеде сағат 23.00 шамасында болды. 1975 жылғы азамат облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында Сырдарияға балық аулауға шығып, суға батып кеткен. 

«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушысы 1 техникамен және суға жүзу қайығымен оқиға орнына барды. Іздеу шаралары нәтижесінде азаматтың мәйіті бүгін, 8 шілдеде сағат 6.05-те судан шығарылды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.