04 қаз, 2021 сағат 13:38

Балқашта өртенген үйден 42 жастағы адамның мәйіті табылды


Сенбіден жексенбіге қараған түні Балқаш қаласында барак типтес үйлердің бірінен өрт шықты. Жалынмен күрес аяқталған соң өрт сөндірушілер от шарпыған пәтерден әйел адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 қазан сағат 04:40-та Балқаш қаласының Рембаза кентіндегі үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 

Барақ үлгісіндегі 4 пәтерлі тұрғын үйдің №2 пәтерінде жалпы ауданы 30 шаршы метр ағаш еден, жиһаз және үй заттары жанған. 

«ТЖД өрт сөндірушілердің күшімен №1 пәтерден 1949 жылы туған әйел құтқарылды. №2 пәтерден өрт болған жерден 1979 жылы туған (2-топтағы мүгедек) пәтердің иесі табылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 05:31-де сөндірілді. Өрттің себебі - отты абайсыз қолдану (сөндірілмеген темекі, сіріңке және басқа)», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері отты абайсыз қолдану себебінен Қарағанды облысында 248 өрт болды, онда 22 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алды.

Биылғы 9 айда облыста 772 өрт тіркелді, онда 34 адам қаза тапты, 29 адам жарақат алды.

Қарағанды облысы ТЖ департаменті азаматтардан өз қауіпсіздігі мәселесіне мұқият және байыпты қарауды сұрайды. 

Егер сіз белгілі бір ережелерді сақтасаңыз, кез келген бақытсыздықтың алдын алуға болады:

- сөндірілмеген темекі мен сіріңкелерді қалдырмауға;

- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын қадағалау;

- электр желілерін шамадан тыс жүктемеу;

- тек жарамды газ жабдығын пайдалану.