14 жел, 2020 сағат 08:37

Балқаш маңында аударылған автобустағы жолаушылардың жағдайы белгілі болды

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Балқаш маңында жол апатына ұшыраған автобус жолаушыларының жағдайы туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Естеріңізге сала кетейік, кеше Балқаш қаласының маңындағы Гүлшат кентінің маңында рейстік автобус аударылған болатын. Салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болған. 

«Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пункті зардап шеккен 6 адамды ауруханаға жеткізді. 

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы ардап шеккендердің жағдайын айтты.

«13 желтоқсанда жол апатынан 8 адам зардап шекті. Бір адам бас миының шайқалуымен ауруханаға жатқызылды, екеуі тексеруден бас тартты, бесеуі түрлі жарақатпен амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің барлығы - ҚР азаматтары» делінген денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.