Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына өлең арнап, екі елдің татулығын жырлаған қырғыз ақынына өлеңмен жауап қатты.
Жақында қырғыз ақыны Жеңишбек Жумакадыр Атамбаев үшін Елбасыдан кешірім сұрап, қырғыз-қазақтың достығын жырға қосқан болатын.
Қазақтың бар ғой нарқында,
Қырғыздың бар ғой салтында.
Інісі қойса еркелеп,
Ағасы қояды кешіріп,
құшағын жайып келсе деп...", - деп жырлаған-ды қырғыз ақыны.
Танымал қазақ ақыны Балғынбек Имашев та бұл жағдайдан сырт қалмай, Жеңишбекке өз жауабын қайтарды.