Балалар үйінің саны 140-тан 107-ге дейін қысқарды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Балалар үйінің саны 140-тан 107-ге дейін қысқарды, яғни айтарлықтай азайды. Балалар үйлерінің тәрбиесіндегі жеткіншіктер саны 30 пайызға төмендеді», - министр Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.
Айта кетейік, бүгінде 107 балалар үйі жұмыс істейді, жалпы контингенті 24 612 бала. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына келіп түскен қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың 100 пайызы әлеуметтік бейімделуден өтіп, отбасыларға берілді (3907 бала).
Бұдан бөлек, А. Аймағамбетов 2020 жылға қарай барлық мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау камералаармен толықтай жасақталатынын атап өтті.