Бақытжан Әбдірұлы 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Үшарал ауылында дүниеге келген.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.
1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1988 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық жұмыстарда болды. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
1999 жылдан - ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары.
2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы. 2001 жылдан ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2004 жылдан - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы.
2008 жылдан - Павлодар облысының әкімі.
2012 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.
2012-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2013-2016); ҚР Премьер-Министрі (2016-2019); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (2019-24.03.2019); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы (03.2019-06.2019).
2019-2022 жылдары Алматы қаласының әкімі.
Еске салсақ, 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылған еді.