Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы дәрі-дәрмектер қорын қалыптастыру туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жазда біз қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорын құрдық. Біз оны екіге бөлдік, дәріханалар желісіне 5 млрд теңге, ауруханалар мен клиникаларға 5 млрд теңге бөлдік. Дәріханаларға да қаражы қарастырылды. Қаңтардың аяғына дейін 6 айға келісімшарт жасадық. Осы уақыт аралығында біздің дистрибьюторлар ірі көлемде дәрі-дәрмектер жеткізулері қажет.40 млн астам дәрі дайын болуы керек», - деді әкім «Алматы» телеарнасындағы Аkimat LIVE тікелей эфирінде.
Әкімнің айтуынша, қазірдің өзінде қалаға 32 млн қорап дәрі-дәрмек жеткізілген.
«Бізде біртұтас жүйе бар, оған сәйкес 325 дәріхана бақыланады. Біз қай жерде және қанша дәрі қалғанын үнемі қадағалап отырамыз. Қазір қоймада 18,5 млн дәрі бар. Біз дәрі тапшылығына жол бермейміз», - деді қала басшысы.