Өткен жолғы үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа ескерту жасаған еді. Өйткені, мұнайлы өлкенің басшысы шағын және орта бизнесті қолдауға Үкімет бөлген 692 миллион теңгенің бір тиынын да алмаған болып шықты. Бүгінгі отырыста премьер-министр әкімнен сол жағдайға байланысты есеп беруін сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.
«Бақытжан Әбдірұлы, бұл конкурстардың кеш өтуіне байланысты болып отыр. Біз мұны жыл соңына дейін шешеміз», - деді Ноғаев.
Ал үкімет басшысы әкіммен дауласуға құлықсыз екенін айтып, жыл соңында тағы да есеп сұрайтынын ескертті.
«Нұрлан Асқарұлы, бұл мәселе турасында салғыласпай-ақ қояйық. Жыл соңына дейін күтеміз. Сол кезде есеп бересіз», -деп қысқа қайырды Бақытжан Сағынтаев.