04 қаз, 2016 сағат 08:02

Бахрейнде секс-құлдықтан шығарылған қазақстандық бойжеткен елге оралды

Бахрейнде секс-құлдықтан шығарылған қазақстандық бойжеткен елге оралды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеп. Бұл мәліметті Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің өкілдері растады.

Бойжеткен Қазақстанға өз қаражатына келгенін атап өтті. 

Еске салайық, 22 қыркүйекте қарағандылық 18 жастағы қыз Бахрейнде секс-құлдыққа тап болғанын мәлімдеген болатын. Ол бұл елге сүйіктісі арқылы жұмыс тауып берем деп уәде берген құрбысымен бірге барған. Бойжеткен тілшімізге телефон арқылы құрбысының массаж жасаушы қызметін тауып беруге уәде бергенін, бірақ Бахрейнге ұшып келген соң жағдайдың басқаша болғанын айтқан. Қазақстандықтан паспортын алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бойжеткен сол күні құлдықтан босатылған, бұл операция небәрі бір ақ күнге созылған.