02 там, 2016 сағат 17:01

Бахрейнде құлдыққа түскен Қазақстан азаматшалары - 19-20 жаста

"ҚР СІМ Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшаларының жастарын жария етті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Екі азаматша, біреуі 1997 жылы туған, біреуі - 1996 жылғы», - деп атап өтті ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында.

Айта кетейік, бұның алдында хабарлағанымыздай, Бахрейнде Қазақстанның екі азаматшасы сексуалдық құлдыққа түсіп қалған.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы және Бахрейндегі елшісі Бахыт Батыршаевтың айтуына қарағанда, қазақстандық азаматшалар құлдыққа түскені туралы мәліметтер бірнеше күн бұрын тараған. Қазіргі уақытта олар босатылды және бүгін Қазақстанға жеткізілді.