13 мам, 2021 сағат 21:34

Бағдат Мусин цифрландыру мәселелерінің қалай шешіліп жатқанын айтты


ЕGov mobile мобильдік қосымшасында цифрлық құжаттар сервисі шеңберінде 800 мыңнан астам пайдаланушы пайдаланған цифрлық құжаттардың 15 түрі іске асырылды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің халық алдында есеп беру кездесуінде айтты. Ол сондай-ақ цифрлық даму саласындағы басым бағыттар мен шешімін тапқан мәселелерге тоқталды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Оның сөзінше жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, техникалық паспорт, COVID-19-ға ПТР тестілеу нәтижесі, студенттік билет, диплом, зейнеткер куәлігі, Кандас куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, әлеуметтік ID, вакцинация паспортын ЕGov mobile мобильдік қосымшасында алуға толық жағдай жасалған.

Сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі пандемия кезеңінде ХҚКО мен байланыс орталығына жүктеме еселеп артқанын, азаматтарға арналған корпорация қуаттылығын арттырғаннын, сонымен қатар қазіргі кезде орташа күту уақыты 5 минуттан 100 секундқа дейін қысқарғанын жеткізді. Алайда министр бұл бастаманың мұнымен тоқтамайтынын, негізгі мақсаттың қызметті 30 секунд ішінде алуға жағдай жасау екенін нақты айтты.

"Біз әдемі әуендерді тыңдап, азаматтарды телефонға іліп қоюға" мәжбүрлемеуіміз керек. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін мемлекеттік баж салығын QR арқылы төлеуге болады. Президенттік кадрлық резервтің үлгісі бойынша мемлекеттік корпорацияда "таланттар пулы" қалыптастырылды. Олардың міндеті – өзгеріс агенттері болу. Бүгінгі таңда 350-ден астам кандидат іріктеуден өтті", - деді Мусин халық алдында есеп беру кездесуінде.

Бағдат Мусин цифрландыру саласында іске асып жатқан жұмыстарға тоқталды. Олар:

-       Қазақстанда жаңа ұлттық жоба әзірленді.

-       Елдің ақпараттық жүйесіне аудит дайындалып жатыр.

-       Бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында цифрлық трансформация орталығы құрылды.

Бұл орталықта халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ағымдағы бизнес-үдерістері зерделенеді. Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде процестерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деді министр.

Мемлекет басшысы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Цифрлық сервистердің біздің өмірімізге енуімен жеке деректердің таралып кету қаупі арта түсетінін" айтты. 

"Біз дербес деректерді қорғауға қатысты заңнамалық бастамаларды пысықтадық. Біз сандық келісім мен кері байланыс принципін енгіземіз. Мысалы, ХҚКО/мемлекеттік органға жүгінген кезде азаматтың телефонына арнайы код жіберіледі, ол осы кодты жазғаннан кейін ғана ХҚКО/Мемлекеттік орган қызметкерлері адамның жеке деректеріне қол жеткізе алады. Цифрлық келісім/кері қайтарып алу қағидатын енгізу азаматтар үшін құрал болады", - деп түсіндірді Мусин.

Айтуынша, сол арқылы олар өздерінің дербес деректеріне қатысты өз құқығын іске асыра алады, сондай-ақ дербес деректерді жинаудың заңдылығы мен ашықтығы қағидаттарын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, цифрлық даму министрлігінде болашақ экономикасының мынадай бағыттары шоғырланған: цифрландыру, ғарыш, коммуникация мен байланыстың жаңа түрлері, ауқымды деректер, бұлтты технологиялар және IT-сала.

Естеріңізге сала кетейік, ЕGov mobile мобильдік қосымшасында цифрлық құжаттар сервисі шеңберінде 800 мыңнан астам пайдаланушы пайдаланған цифрлық құжаттардың 15 түрі іске асырылды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің халық алдында есеп беру кездесуінде айтты. Ол сондай-ақ цифрлық даму саласындағы басым бағыттар мен шешімін тапқан мәселелерге тоқталды.

Оның сөзінше жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, техникалық паспорт, COVID-19-ға ПТР тестілеу нәтижесі, студенттік билет, диплом, зейнеткер куәлігі, Кандас куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, әлеуметтік ID, вакцинация паспортын ЕGov mobile мобильдік қосымшасында алуға толық жағдай жасалған.