19 сәу, 2021 сағат 10:06

Бағдат маңындағы Балад әуе базасы атқылауға ұшырады

18 сәуірде Балад әуе базасы зымыран шабуылына ұшырап, Ирак қауіпсіздік күштерінің екі қызметкері жараланды. Бұл туралы Ирактың қорғаныс саласындағы шенеуніктер хабарлады. Бұл жолы да Бағдат солтүстігіндегі Америка әскері шоғырланған әуе базасы атқылауға ұшыраған. 

Әзірге шабуылды ешкім мойнына алмады, бірақ америкалық шенеуніктер осыған дейін зымыран шабуылға ираншыл жасақтарды айыптаған. Шабуылдаушылар АҚШ әскері, АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі және шетелді жабдықтайтын Ирак сақшыларын нысанаға алған. 

Иранмен байланысты әскери топтар Ирактан шетел әскерін, оның ішінде Американың шамамен 2500 сарбазын алып кетуді талап етеді.

Иракта "Ислам мемлекеті" тобымен күресетін АҚШ жетекшілік ететін коалиция бар. Бұған қоса, Ирак қауіпсіздік күштерін жаттықтырумен айналысатын НАТО миссиясы да орналасқан.