28 қыр, 2023 сағат 18:32

Азиада-2022: Әділбек Мусин екінші мәрте қола алды

Фото: Olympic.kz

Әділбек Мусин XIX Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отандасымыз 50 метрге butterfly әдісімен жүзу жарысында қола медальді місе тұтты.

Әділбек бұл қашықтықты 23.44 секундта жүзіп өтті.

Айта кетейік, бірінші орынды Оңтүстік Кореядан келген Инчул Бэк (23.29), екінші орынды Сингапурдан келген Цзен Вей Теонг (23.34) иеленді.

Бұл - Әділбектің Азиададағы екінші "қоласы". Кеше ол 100 метрге butterfly әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен үшінші келді.

Әділбек Мусин – 1999 жылы Астана қаласында туған. Еркін және butterfly әдістерімен жүзеді. Қазақстан Республикасының рекордсмені. V Ислам ойындарының чемпионы, 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Жаттықтырушысы – Станислав Осинский. Ол – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.