27 қар, 2020 сағат 18:06

Азаматтық форум: Алматының ҮЕҰ өкілдеріне гранттар табысталды

Бүгін Алматыда «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» серіктестік пен дамудың 30 жылы» атты IX Азаматтық форумының қорытындысы бойынша Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне марапаттар табыстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Азаматтық форум – бұл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2003 жылдан бері әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі алаң. Биыл Азаматтық форум онлайн-форматта өткізілді.

Форум делегаттары сарапшылық, пікірталас және оқыту іс-шараларына қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Атап өтетін жайт, белсенділер Азаматтық форумның тақырыбы мен күн тәртібін қалыптастыруға қатысып жатыр.

Алматы Қоғамдық кеңесінің хатшысы Алтынай Көбеева өзекті және жүйелі мәселелерді талқылау үшін осындай алаңдардың болуының маңыздылығын атап өтті.

«Азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара тиімді іс-қимылы үшін қоғамшылдарды түрлі деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің, Республика Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмыстарына, сондай-ақ «Парламенттік оппозиция» жаңа алаңына тарту керек. Ең бастысы - азаматтық қатысу мүмкіндігі үшін жағдай жасау», - деді А.Көбеева. 

«Қамқорлық» дағдарыс орталығы жетекшісі Ұлжан Лұқпанова форум ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

«Бүгін біз Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік сыйлыққа ие болдық. Біздің ұйым туберкулезбен күресу және мигранттар арасында туберкулездің таралмауын бақылау бойынша жұмыс істеді. Мемлекет тарапынан бұл іске қосқан үлесіміздің бағалағанына ризашылығымды білдіремін. Біз бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастырып, Алматы халқының денсаулығын сақтау ісіне одан әрі үлес қосқымыз келеді», - деді Ұлжан Лұқпанова. 

«Дети рисуют мир» қоғамдық қорының директоры Мөлдір Бекжан мемлекет қолдауына үмітін білдірді.

«Мемлекеттің коммерциялық ұйымдарға көңіл бөлетіні және осылайша біздің қызметімізді ынталандыратыны қуантады. Біз жұмысты шынайы ықыласпен және шын жүректен жасаймыз. Әсіресе, мемлекет тарапынан оң пікір мен кері жауап алған қуантады. Біздің қорымыздың негізгі мақсаты - еліміздегі балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын қолдау, ілгерілету және дамыту», - деді ол.