Сүйеніш Әбділдин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды. Ол - бұған дейін бірінші орынбасар қызметін атқарған Сүйеніш Әбділдин", - делінген корпорация хабарламасында.
Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин 2011 жылы ҚБТУ-ды "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша, 2014 жылы Ұлыбританияның Бирмингем университетін бітірген. Информатика мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.