Тараз тұрғындары Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза болғандарды еске алды.
Сурет ВТВС Tеlegram-каналында жарияланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Өрт сөндіру бөлімінің маңына үстелдер қойылған, ол жерде ерлікпен көз жұмған бес адамның суреті тұр. Олардың арасында:
Темірболатов Арнұр Серікұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары).
Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Айманов Мейіржан Қақпасынұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары.
Соңғы мәлімет бойынша Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 13 адам қаза тапты. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар. Тағы үш адам іздестіріліп жатыр.