09 сәу, 2021 сағат 11:15

Айзаданың өлімі: жігіт өлер алдында анасына аудиохабарлама жіберген

Бішкек қаласының тұрғыны Айзада Қанатбекованы буындырып өлтірген Замирбек Теңізбаев өз-өзіне қол салғанға дейін туған-туыстарына аудиохабарлама жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап.

Аудиода ер адам жылап тұрып ағасынан үйдегілердің қал-жағдайын сұрайды. Одан кейін барлық күнә үшін кешірім сұрайды.

"Ол мені сатып кетті, махаббатымызды сатып кетті. Мен сізге қанша рет айттым, қатты ғашық болып қалдым. Басқа қызға қарағым да келмеді. Осы қызға ғана үйленемін дедім. Мен қатты өзгердім. Сіз менің қандай бала болғанымды білесіз. Сол себепті, аға, менен кеткен күнәлар болса кешіріңіз", - дейді ол.

Ер адам анасына қоңырау шалған. Бірақ телефонын көтермегендіктен ағасы арқылы дыбыстық хабарлама жібереді.

"Ана, сабыр сақтаңыз, менен кеткен күнә болса, кешіріңіздер. Мен қай дүниеде болсам да, құдайдан өмірлеріңіздің ұзақ болғанын тілеймін. Апа, мен ғашық болып қалдым. Мен Айзадасыз өмір сүре алмаймын. Мен Айзаданы көп күттім, мен оны сүйдім. Басқа адаммен бастайын десем де болмады...", - деген кезде арғы жағында қыздың дауысы естіледі, "мен сағат күт дедім ғой" дейді ол.

"Бір айтты, мақұл, күттім. Екінші рет тағы күт деді, тағы алдады. Үшінші рет сенбеймін. Тағы сұрап жатыр, жалған айтады. Болды. Рақмет баршаңызға, мен сіздерді құдай алдында кешірдім. Сіздер де мені құдай алдында кешіріңіздер. Барлығыңызды жақсы көремін", - деп түйіндейді ер адам.