Фото: Ақорда
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі "Айтылды – орындалды" айдарымен Президент тапсырмаларының орындалу барысынан ел-жұртты хабардар ету үрдісін жалғастырады. Назарларыңызға Президенттің былтырғы жолдауында айтылған тапсырмаларының қайсы орындалғанына тоқталамыз.
Айтылды:
«Мен мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін енгізуді тапсырдым. Сатып алу үдерісі оңтайланып, қысқартылады, «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беріледі, яғни, демпингке тиімді тосқауыл қойылады және үдерістер толық автоматтандырылады. Мемлекеттік сатып алу жүйесіне алғаш рет «басынан бақайшағына дейін» жасау тәсілі енгізіледі». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңға қол қойылды.
Жаңа заңның негізгі мақсаты – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
Осыған байланысты Заңда мынадай шаралар көзделген:
- - Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер тізбесін кеңейту (жосықсыз өнім жеткізушілерді сатып алуға жол бермеу мақсатында);
- - Жеткізушіге қойылатын жаңа біліктілік талаптары (жұмыстарды орындау/қызмет көрсету орны бойынша материалдық/еңбек ресурстарының болуы, қызметкерлер алдында жалақы төлеуде берешектің болмауы және т. б.);
- - Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұлғайту (шарттық міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда тапсырыс беруші ұстап қалады);
- - Қоғамдық мониторингті енгізу;
- - Шағым беру тәртібін қайта қарау;
- - Сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және қысқарту;
- - Сатып алуда тауарлардың фирмалық атауларын 1000 АЕК дейін көрсету мүмкіндігі;
- - 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 500 АЕК-ке дейін, ауыл әкімдіктері үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 4000 АЕК-ке дейін бір көзден сатып алу;
- - Сатып алу бойынша бірыңғай платформа құру.
2. Заң бастан аяқ жасау тетіктерін енгізуге қатысты нормалармен толықтырылды (EPC-келісімшарттар).
3. Сыбайлас жемқорлық қаупін азайту және рәсімдерді автоматтандыру мақсатында 2022 жылдан бастап рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді. Бұл әдіс конкурстық комиссияның қатысуын болдырмайды және жеңімпазды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде портал автоматты түрде айқындайды.
Жеңімпазды автоматты түрде анықтауды ескере отырып, мұндай сатып алулардың қорытындылары шағымдануға жатпайды.
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау тек қана рейтингтік-балдық жүйені пайдаланылатын конкурспен сатып алынады. 2024 жылғы 1 ақпанынан бастап техникалық қадағалау қызметтерін сатып алу да осы әдіске көшті. Жалпы, барлық сатып алуларды рейтингтік-балдық жүйені пайдаланылатын конкурсқа барынша көшіру жоспарланып отыр.
4. Шағымдарды қараудың жаңа тетігі енгізілді, сондай-ақ бақылаушы органның рөлі қайта қаралды.
5. Заңға сәйкес қоғамдық бақылау субъектілері веб-портал арқылы және ондағы ақпарат негізінде «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қоғамдық мониторинг жүргізе алады.
6. Отандық өндірісті қолдау мақсатында отандық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі және офтейк-келісімшарттарды қолдана отырып, тауарларды кепілді сатып алу тетігі енгізілді.
Айтылды:
«Біздің армиямыз жоғары технологиялы қару-жарақпен және әскери техникамен, соның ішінде бронды техникамен, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен, қазіргі заманғы атыс қаруларымен жабдықталуға тиіс. Техниканы шұғыл жөндейтін өндіріс орындарының қуатын арттырып, отандық кәсіпорындарға барынша қолдау көрсеткен жөн». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. Қарулы күштерді қару-жарақ пен әскери техниканың, оның ішінде отандық өндірістің заманауи үлгілерімен қайта жарақтандырудың кезең-кезеңдік процесі жүріп жатыр. Қарулы күштер 500-ден астам жаңа техника алды, 50 техника күрделі жөндеуден өтті.
2. Беренді және автомобиль техникасын, әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс, танкке қарсы жүйелерді, артиллерия мен атыс қаруын жөндеу цехтары іске қосылды.
Әскерлерде өз күштерімен 1500-ден астам әскери техникаға ағымдағы және орташа жөндеу жүргізілді.
Айтылды:
«Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 17 мың шағын несие беру және ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарына сәйкес 100 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.
- - Бүгінгі таңда 91,8 млрд. теңге 14,5 мың шағын несие арқылы берілді, оның есебінен 15,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
- - Бағдарлама шеңберінде кооперативтер құруды ынталандыру үшін кооперативтерді несиелеудің ең жоғары сомасы 8 мың АЕК-ке дейін несие беру көзделген.
2. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 6,7 млрд. теңгеге 321 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.
Кооперативтерді қолдау үшін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесін жергілікті бюджет есебінен 50%-ға дейін ұлғайту көзделген:
- - Техника мен жабдықтар (тракторлар, комбайндар, тіркеме және аспалы техника) сатып алу;
- - Сүт өңдеу объектісін құру және кеңейту, сүт қабылдау пункттерін құру, жабдықтар мен техника сатып алу.
3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралдарына салынатын салықтың жалпы белгіленген тәртіппен есептелген сомаларын 70%-ға дейін азайтуды көздейтін арнайы салық режимі түріндегі салық жеңілдіктері қарастырылған.
Айтылды:
«Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау шеңберінде Министрлік мынадай шараларды іске асырады.
1. Шаруалар сатып алған ауыл шаруашылығы техникаларын инвестициялық субсидиялау: мұнда техника құнының 25-30%-ы мемлекет бюджеті есебінен өтеледі.
2. Отандық ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарын қолдау мақсатында биыл субсидиялаудың жаңа тетігі қабылданды:
- - Отандық өндіріс техникасы құнының 30%-ы субсидияланады;
- - Қазақстанда өндірісі жолға қойылған техниканың импорттық аналогтарын субсидиялау мүмкіндіктері алынып тасталды;
- - Қазақстанда өндірісі жоқ импорттық техниканың түрлері бойынша (қант қызылшасын, мақтаны, картопты және жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру және жинау бойынша мамандандырылған техника) субсидия нормативі 25%-ды құрайды.
Жаңа тәсіл қосымша бюджет қаражатына иек артпай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау көлемін екі еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік береді.
3. Отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламаларын қаржыландыру:
- - 2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарғылық капиталын 20 млрд.теңгеге ұлғайтуға жем-шөп дайындау техникасы мен суарудың мобильді жүйелерін қаржыландыру үшін бюджеттік инвестициялар бөлу жөнінде жұмыс жүргізілді.
- - Жылдық 6% жеңілдік мөлшерлемесі бойынша 3,5 мың бірлік жем-шөп дайындау техникасы мен жабдықтары лизингке берілді.
1,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (7-10 жыл кезеңіне 6% ставка бойынша бастапқы жарнасыз) жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша 1600 трактор мен комбайн сатып алды. Бұл машина-трактор паркін жаңарту деңгейін едәуір арттырды.
Айтылды:
«Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. Ылғал көп қажет ететін және монодақылдарды қысқартуға, жоғары рентабельді дақылдар алқаптарын кеңейтуге бағытталған әртараптандыру бойынша көрсеткіштерді көздейтін Жол картасы әзірленді. Жалпы, 5 жыл ішінде астық алқаптары 1,3 млн. гектарға, оның ішінде бидай 863 мың гектарға, арпа 343 мың гектарға, жүгері 27,9 мың гектарға қысқаратын болады.
2. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету тәуекелдерін ескере отырып, ылғал көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, оңтүстік өңірлер үшін 5 жыл ішінде күріш алқабын 21 мың гектарға және мақта алқабын 46,4 мың гектарға қысқарту бойынша индикативтер әзірленді. Осы дақылдардың аумағын қысқарту есебінен суды үнемдеу 1,4 млрд. м3 құрайды.
3. Егін алқаптарындағы шығымды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Әртараптандыруға бағытталған жоспар өңірлік ерекшеліктер мен нарық қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылды.
Әртараптандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайту, салада заманауи технологияларды енгізу жөніндегі шаралармен бірге өндіріс көлемін ұлғайту мен сапасын арттыру, өнімді қайта өңдеу және оларды отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі кәсіпорындардың өндірістік қуатын, мал шаруашылығының жем-шөп базасын нығайту үшін алғышарттар жасайды.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Оны іске асыру 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы дақылдарының 108 жаңа сұрпы мен будандарын алуға және сынаққа шығаруға мүмкіндік береді.
5. Тұқымның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылғы қыркүйекте Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымына субсидиялар нормативтері орта есеппен 30% - ға артты.
Айтылды:
«Өткен қыста еліміздің жылу электр станцияларында қайта-қайта апат болды. Бұл жағдай жылдар бойы шешілмеген мәселенің бетін ашып берді. Инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Индустрияландыру қарқынын да тежейді. Яғни, инфрақұрылымды жаңғыртпасақ, жаңа экономикалық үлгіге көшу мүмкін емес. Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жоспарда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анықтауға тиіс». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. 2023 жылдың басында Үкіметтің бастамасымен жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуға нысаналы трансферттер бөлу жөніндегі бюджеттік бағдарлама іске қосылды.
2. Аталған бағдарлама аясында 114 шақырым жылумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға 77,4 млрд теңге бөлді.
3. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жоспар шеңберінде 2030 жылға қарай жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендетуді көздейтін 1,6 мың шақырымды жөндеуге тапсырыстар берілді.
Жылумен жабдықтау желілерінің тозуын азайту мақсатында 2023 жылы республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 116,3 млрд теңгеге 131 км жылумен жабдықтау желілері жөнделді.
Биыл республикалық бюджет есебінен 92,5 млрд теңге сомасына шамамен 160 шақырым жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланып отыр.
Айтылды:
«Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. 2029 жылға қарай ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 15%-ға төмендетуді қамтамасыз ету, энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай шаралар әзірленді:
- - 512 кәсіпорынға энергетикалық аудит жүргізу;
- - Автоматтандырылған жылыту пункттерін (АЖП) орнату, 5 мың көппәтерлі тұрғын үй кешені, 15 705 бюджеттік сектор нысанын және 1 000 коммерциялық ғимаратты жарықтандыруды жаңғырту.
Коммерциялық объектілер бойынша энергия тұтыну нормативтері бұйрығының жобасы әзірленді, оны қабылдау коммерциялық кәсіпорындар үшін белгіленген нормативтерді сақтау үшін объектілерді жаңғыртуды жүргізуге ынталандырушы әсер етеді.
2. Қазақстандық талаптарды ЭЫДҰ стандарттарымен үйлестіру мақсатында Еуропалық Одақ, АҚШ және Жапония елдерінің энергия тиімділігі бойынша техникалық құжаттар мен стандарттарды жинау және талдау жүргізілді. Талдау көрсеткендей, Қазақстанда белгіленген нормативтер болат прокат, алюминий, глинозем, ферросилиций, ферросиликомарганец, катодты мыс сияқты өнімдерді өндіруге энергия ресурстарын жұмсауға қатысты ЭЫДҰ елдерінің нормативтерінен төмен.
Айтылды:
«Суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
Қазіргі уақытта 150 мың гектарға дейін озық су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүзеге асырылуда.
1. 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі жол картасы әзірленді.
- - суды үнемдеуге қатысты су заңнамасы;
- - тарифтерді белгілеу жүйелері;
- - су шаруашылығын цифрландыру,
- - суды есепке алудың заманауи жүйелерін енгізу;
- - кәсіпорындарда айналымды және қайталама сумен жабдықтау;
- - суды үнемдейтін технологияларды енгізе отырып, тұрғын үй-коммуналдық жүйелерді салу және пайдалану;
- - қоғамды суға қатысты насихаттау және тәрбиелеу.
2. Фермерлерді су үнемдеу технологияларын орнатуға ынтыландыру мақсатында субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Онда суармалы жерлерде су алу және беру үшін инфрақұрылымды жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға арналған, сондай-ақ инфрақұрылымды жүргізуге, су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға фермерлердің шығындарын өтеу үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту көзделген.
3. Суармалы суды нормативтен тыс тұтыну үшін 20%-ға жоғары тарифті енгізу бөлігінде тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
4. Сондай-ақ, субсидиялар мөлшерін саралау бөлігінде Суару суының құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді (2024 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізіледі). Осы Қағидалар шеңберінде суармалы су беру жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналған шығындарды тікелей су берушілерге өтеу көзделген.
5. Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.
Тұжырымдамада су тасқынына қарсы объектілерді қалпына келтіру, 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам суару арналарын реконструкциялау және жаңғырту, 9 өңірде жаңа су қоймаларын салу бойынша бірқатар кідіріссіз шаралар көзделеді.
Осы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде:
- • экономиканың салаларында пайдалану үшін 2,4 текше шақырым су жинауға;
- • су тасқыны ағынын қауіпсіз жүргізуге және магистральдық және шаруашылықаралық арналар арқылы тасымалдау кезінде су шығынының деңгейін 50-ден 25%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Цифрландыру мақсатында еліміздің 3500 шақырым суару желілеріне қатысты мынадай іс шаралар орындалды:
- - Ұзындығы 444 шақырым Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында 18 суару арнасын автоматтандыру жұмыстарын бастайды. Бұл жобалар 2026-2028 жылдары іске асырылатын болады.
- - 2024-2026 жылдары Қызылорда облысының 16 магистральдық және шаруашылықаралық арналарын автоматтандыру және Қызылорда облысының Келінтөбе, Әйтек және Сұңқат 3 каналында суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, жобаны жасау және су бекеттерін реконструкциялау іске асырылады. Жалпы ұзындығы – 2 609 шақырым.
6. 2024-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда облысының Жаңа Шиелі, О-2 каналдарында суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, гидропосттарды реконструкциялау» жобасын жүзеге асады.
Нәтижесінде бұл жобалар суармалы судың шығынын жылына 0,5 текше км-ге азайтуды қамтамасыз етуі және ауданы 362 мың га суармалы жерлердегі судың есебін қамтамасыз етуі тиіс.
Айтылды:
«Көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Қазір бәсеке күшейіп тұр. Осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керек. Ең алдымен, «Достық-Мойынты», «Бақты-Аякөз», «Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажет. Оның қатарында Алматыны айналып өтетін темір жол желісі де бар». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
Қазіргі уақытта Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдарды, Алматы станциясын айналып өтетін айналма теміржол желісін, ҚХР-мен шекарада үшінші теміржол өткізу пунктінің ашылуымен Дарбаза – Мақтаарал және Бақты-Аягөз жаңа теміржол желісін салу бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру пысықталуып жатыр.
1. «Достық-Мойынты» теміржол учаскесінің екінші жолдарын салуға қатысты. Құны-543 млрд. теңге, ұзындығы – 836 шақырым.
Нәтижесі – өткізу қабілетін 5 есеге арттыру (12-ден 60 жұп пойызға дейін) және контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 834-тен 1500 км-ге дейін арттыру.
Учаскеде 451 арнайы техника жұмылдырылып, 987 қызметкер еңбек етуде. Ұзындығы 836 шақырым болатын екінші желіні төсеу үшін 7,3 млн м3 жер төсемінің 6,9 млн. м3 құйылды. Сондай-ақ 39 көпір мен 224 су өткізгіш құбыр салынды. 508 шақырым рельсті шпалды тор төселген.
2. Алматы ст. айналма теміржол желісінің құрылысына қатысты. 2023 жылғы 14 қарашада жобаны іске асыру басталды. Құны - 151,8 млрд. теңге, ұзындығы – 75 шақырым.
Нәтижесі – жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқарту және Алматы темір жол торабына түсетін салмақты 40%-ға төмендету.
Қазір жердегі жұмыстары жүргізілуде, 3,6 млн. м3 (59%, барлығы 6,2 млн. м3) себілді. Звеноқұрастыру базаларында 10 шақырым рельстің шпалды торы жиналды және төсеуге әзірленді. 14 бірлік көпір (74%, барлығы 19 бірлік) және 33 бірлік құбыр (60%, барлығы 55 бірлік) дайындалуда.
3. «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысына қатысты. 2023 жылғы 25 қарашада жобаны іске асыру басталды. Құны - 286,9 млрд. теңге, ұзындығы – 152,3 шақырым.
Нәтижесі – Орталық Азия бағытындағы өткізу қабілетін 10 млн. тоннаға ұлғайту.
4. «Бақты-Аягөз» теміржол желісінің құрылысына қатысты. Жоба 2023 жылғы 20 желтоқсанда басталды. Құны – 577,5 млрд. теңге, ұзындығы – 272 шақырым.
Нәтижесі: «Достық» және «Алтынкөл» шекара маңындағы теміржол станцияларын азайту, сондай-ақ ҚХР мен ҚР арасындағы өткізу қабілетін тағы 20 млн.тоннаға ұлғайту.
Айтылды:
«Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін. Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. Бүгінгі таңда 14 аймақтық IT хаб ашылды:
- Terrikon valley (Қарағанды қ., Қарағанды облысы)
- Abai IT Valley (Семей қ., Абай облысы)
- Kyzylorda Hub (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.)
- Digital Jetisu (Талдықорған қ., Жетісу облысы)
- ZhambylHub (Тараз қ., Жамбыл облысы)
- Oskemen it Hub (Өскемен қ., ШҚО)
- Jaiq Hub (Орал қ., БҚО)
- Turkistan it Hub (Түркістан облысы Қ.)
- Qostanay it Hub (Қостанай қ., Қостанай облысы)
- Aqtobe IT Hub (Ақтөбе қ., Ақтөбе облысы)
- Aqmola it Hub (Көкшетау қ., Ақмола облысы)
- Pavlodar it Hub (Павлодар қ., Павлодар облысы)
- Mangystau Hub (Ақтау қ., Маңғыстау облысы)
- Alatau Hub (Қонаев қ., Алматы облысы)
2024 жылдың соңына дейін тағы 5 IT хаб (Атырау, Шымкент, Жезқазған, Петропавл және Жаңаөзен қалаларында) ашу жоспарланып отыр.
Айтылды:
«Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен. Дегенмен дарынымен бүкіл әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз аз емес. Біз елімізде креативті экономиканың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасауымыз керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
- - Салықтық жеңілдіктер енгізілді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің арнайы салық режиміне жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді, оған креативті индустрияның 40 түрі кірді (ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1240 қаулысы). Нәтижесінде бизнес барлық салық түрлерінен (КТС, ЖТС, ҚҚС) босатылып, бірыңғай салық төлейтін болады – ЖК үшін 2-4%, ЖШС үшін 8%. Салықтық жеңілдіктерден кейін креативті индустрия субъектілерінің саны 15%-ға немесе 6 033 бірлікке артып, 45 597 субъектіні құрады.
- - Дарындыларды ынталандыру және қолайлы инфрақұрылым құру мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін «Креативті индустрияның халықаралық орталығы «Креатив хаб» Корпоративтік қоры құрылады. Қордың негізгі міндеті - креативті тауарлар мен қызметтерді халықаралық нарыққа ілгерілету, таланттарды қолдау, өнімдер мен зияткерлік қызмет нәтижелерін экспорттау және коммерцияландыру.
- - Барлық өңірлерде таланттарды тарту орталықтарына айналатын креативті хабтарды ашуға тиісті инфрақұрылым құрылуда.
Қазіргі уақытта республика бойынша 9 креативті хаб жұмыс істейді:
Астана – «OzgeEpic» креативті хабы,
Алматы қаласы – «Алатау» креативті хабы, «Барибаева 36 үйі»,
Түркістан – «OzgeEpic» креативті хабы,
Шымкент қаласы – «Art Amanat hub» арт-кеңістігі,
Атырау облысы – заманауи мәдениет орталығы «YEMAA»,
Қызылорда облысы – «Анаға тағзым»,
Ақтөбе облысы – Сәби Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жанындағы креативті орталық.
2024 жылдың соңына дейін Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тағы 2 креативті хаб ашу жоспарланып отыр.
Айтылды:
«Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. Жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және оны Іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары қабылданды;
2. Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жасанды интеллект (ЖИ) саласында кадрлар даярлау жөніндегі шаралар көзделген;
3. 2024 жылға арналған ЖОО-ларда ЖИ саласында кадрлар даярлау жөніндегі Жол картасы бекітілді;
4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жасанды интеллектті пайдалану бойынша университетаралық стандарт әзірленді;
5. Кемінде 3 ЖОО базасында кадрлар даярлау үшін:
- - Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп Қорқыт Ата атын. Қызылорда университетінің базасында ЖИ және информатика жоғары мектебі ашылды (2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Ақпараттық жүйелер», «Киберқауіпсіздік», «Есептеу техникасы және бағдарламалау», «Информатика» бірлескен жаңа ББ енгізілуде. 2024-2025 оқу жылына оларды іске асыру үшін 100 грант бөлінді);
- - Қ.Сәтбаев атын. ҚазҰТЗУ базасында City University of Hong Kong филиалы ашылды («Жасанды интеллект» ББ әзірлеумен. 2024-2025 оқу жылына 100 грант бөлінді);
- - Д. Серікбаев атын. ШҚТУ базасында Лу Бан Шеберханасымен бірлесіп Жасанды интеллект орталығы ашылды.
6. IT-салада 43 кәсіби стандарт әзірленді, ЖОО-лар шетелдік серіктестермен бірлесіп жаңа білім беру бағдарламаларын («Компьютерлік ғылымдар», «Бағдарламалық инженерия» және т.б.) әзірледі;
7. 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЖИ саласында кадрлар даярлау 76 ЖОО базасында IT-мамандықтар (АКТ) бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады (контингент – 53 мың студент, оның ішінде 58% мемлекеттік тапсырыс бойынша);
8. Жалпы АКТ бағыттары бойынша 2024-2025 оқу жылына бакалавриат бағдарламалары бойынша 13 036 грант бөлінді, оның ішінде жаңа бағдарламалар бойынша – 802 грант.
Айтылды:
«Жекешелендіру және халықтық ІРО жұмыстарын барынша тездету қажет. Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. «Самұрық-Қазына» қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек. Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы «Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. «QazaqGaz» кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
Қазіргі уақытта жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде, оның ішінде IPO/SPO құралдары арқылы экономикаға мемлекеттің қатысуын шектеу бойынша жұмыс жалғасуда:
- - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO/SPO акцияларына (3%) 153,9 млрд теңге сомасына, «KEGOC» АҚ-ға (5%) 22,6 млрд теңге сомасына, «Эйр Астана» АҚ-ға (10%) 10,6 млрд теңге сомасына шығару жүзеге асырылды.
- - Кешенді жоспар шеңберінде 2025 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ акцияларын шығару көзделген және сату алдындағы дайындық жүргізілуде.
IPO/SPO өткізу жөніндегі негізгі жұмысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрған Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық офис жүзеге асырады.
Айтылды:
«Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы:
- - Ішкі істер министрлігі мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2023 жылғы қазан-қараша айларында мектептер мен өзге де білім беру объектілеріне іргелес аумаққа жол инфрақұрылымы мен жол жүрісін ұйымдастырудың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі мәніне қосымша тексеру жүргізді.
- - Тексеріспен 20898 білім беру объектісі қамтылды (7828 – мектеп, 11338 – балабақша, 1732 – қосымша білім беру ұйымдары).
- - Тексеру нәтижелері бойынша білім беру объектілерінің 78% (16281) іргелес көше-жол желісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды қажет ететіні, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жабдықтаудағы кемшіліктер (жол белгілерінің, жарықтандырудың, қоршаулардың және т.б. болмауы) бар екені анықталды.
- - Жол және коммуналдық ұйымдарға анықталған кемшіліктерді жоюға 3 мыңнан астам ұйғарым берілді. 140 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- - 2023 жылы білім беру объектілерінің жанында 1483 жаяу жүргінші өткелі, 2615 жасанды жол бұдырлығы, 5091 жол белгісі, 61460 метр тротуарлар және 300 мың метр жарықтандырумен жабдықталды.
- - 1722 білім беру объектісі бойынша жұмыстар аяқталды, бұл 2024-2025 жылдарға жоспарланған жұмыстардың 22%-ын құрайды.
- - Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде (2023 - 2024жж.) бүгінгі таңда білім беру ұйымдарының 15 мыңға жуық (71%) инфрақұрылымы қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптарына жауап береді.
Білім беру объектілерінің жол инфрақұрылымын қауіпсіздік талаптарына келтіру жөніндегі жұмыс жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалғастырылады.
2. Балаларға арналған ғимараттардың, киімдердің, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы:
- - Денсаулық сақтау министрлігі білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті;
- - Мектептерді тексеру қорытындысы бойынша 2398 жауапты адамға қатысты 49 нұсқама берілді, 495 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, 120 адам жұмыстан шеттетілді, 42 материал сотқа жіберілді;
- - СЭҚ жоқ проблемалық мектептер бойынша әкімдіктер білім беру және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған өңірлік іс-қимыл жоспарларын бекітті. Оны іске асыру шеңберінде ай сайын санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі.
Барлық жерде тамақтану қызметтерінің өнім берушілерімен, мектептердің, білім беру ұйымдарының әкімшілігімен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
3. Психологиялық қолдау қызметтерін институционалдық күшейту туралы.
Бүгінгі таңда орталықтар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді, онда 9558 кәмелетке толмағандарға, 10576 ата-анаға көмек көрсетілді.
Психологиялық қолдау қызметтерін институционалды нығайту жұмыстары жалғасуда.
4. Зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу және бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру туралы.
- Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» байланыс орталығы өзіне - өзі қол жұмсаудың, жәбірлеудің, зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңызды тетігі болды.
Байланыс орталығы шұғыл қызметтер тізіміне енгізілген, қосылу тегін және тәулік бойы жұмыс істейді.
Биылғы 30 шілдеге дейін байланыс орталығына 600 бала жүгінді. 146 өтініш бойынша анықтамалық сипаттағы ақпарат берілді, 170 өтінішке тәжірибелі психологтар кеңес берді, 284 өтініш иесіне мемлекеттік органдармен бірлесіп уақтылы көмек көрсетілді.
Айтылды:
«Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
- Зорлық-зомбылықтың кез келген нысаны үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданды;
- Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігі алынып тасталды, бұл құқық бұзушыны жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
- Қылмыстық кодекстің ауыр және денсаулыққа орташа зиян қасақана келтірілгені, азапталғаны бойынша бас бостандығын шектеу сияқты жаза түрі алынып тасталды, бас бостандығынан айыру көзделген;
- Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі үшін, тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады, бұрын баламалы жаза түрі – 20 жыл бас бостандығынан айыру болған;
- «Адам ұрлау» және «Заңсыз бас бостандығынан айыру» сияқты қылмыстар бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын «кәмелетке толмағанға қатысты» біліктілік белгісі қосылды;
- 50 тәулікке дейін қамауға алу қаупімен «кәмелетке толмағандарға жыныстық қатынас жасағаны» үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;
- «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» және «ұрып - соғу» баптарына қатысты қылмыстық жауапкершілік белгіленді;
- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ата-аналардың жауапкершілігі енгізілді;
- Кәмелетке толмаған баланы қорлау (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді;
- 16 жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кеткен үшін жауапкершілік енгізілді.
Айтылды:
«Өндірістік жарақат алудың жиілеуі өте өткір мәселе болып отыр. Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын осы жылдың соңына дейін қабылдауға тиіс. Бұл құжат жұмыс орнындағы кәсіби сын-қатерлердің алдын алуға және жоюға бағытталуы керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдады. Тұжырымдамада еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін дамытудың 4 негізгі бағыты көзделген:
- - Қауіп-қатерге бағдарланған тәсіл негізінде ЕҚБЖ-ны жаңғырту;
- - жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру;
- - кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту;
- - еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру.
2. Нақты қауіпті фактор негізінде жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) бөлудің және саралаудың матрицалық әдісін қолдану жұмыс берушіге ЖҚҚ таңдауды жеңілдетеді. Бұл жұмышыларды белгілі бір жұмыс орнына тән тәуекелдерден қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
3. Тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу еңбек жағдайлары мониторингінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау жолымен толыққанды цифрландырумен сүйемелденетін болады. Қазір Кәсіпорындардың цифрлық картасы құрылды, ол нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Айтылды:
«Менің тапсырмаммен Үкімет зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктерін әзірледі. Бұл бұрыннан талқыланып жүрген мәселе болатын, енді шешімі табылды. Оның мынадай өлшемдері бар. Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленеді. Парламенттен Үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұраймын. Азаматтар осы мәселе шешімін табады деп күтіп отыр». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. Денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс орындарында істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу аясында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізілді.
Бұл төлемдерді алуға кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған 55 жасқа толған жұмысшылар құқылы. Мұндай жағдайда қызметкерлер үшін жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылады.
Арнаулы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады:
- - республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
- - зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі;
- - жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіптік төлем;
- - БЖЗҚ-дағы жинақтарды ескере отырып, зейнетақы төлемі. Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.
Жыл басынан бері 8 476 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлем үшін 9 255 адам өтініш білдірген.
Екі жерден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінді, оның ішінде 2 730 адамға тағайындалды.
Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалған.
БЖЗҚ деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алады, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.
Айтылды:
«Қазір еңбек нарығында ауқымды өзгерістер болып жатыр. Онда цифрлы экономиканың рөлі арта түспек. Платформалық жұмыспен қамту жүйесіне қызығушылық артып келеді. Осы секторда қазірдің өзінде жарты миллионнан астам адам жұмыс істейді. Алайда олардың еңбек құқықтары толық қорғалмаған. Сондықтан осы санаттағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың нақты тәсілдерін әзірлеп, платформалық жұмыспен қамту мәселесін түгел реттеу қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1. Салық, Бюджет, Әлеуметтік кодекстерге және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар қабылданды.
2. Осы салада жұмыспен қамтылған азаматтар 4% төлемдер аударады (оның ішінде 1% БЖЗҚ, 1% ӘМСҚ, 1% Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және 1% жеке табыс салығын республикалық бюджетке).
Бұл зейнетақы тәжірибесін есепке алуды, тиісті тәуекелдер туындаған жағдайда әлеуметтік кепілдіктерді алуды және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған тұлға мәртебесін алуды қамтамасыз етеді.
3. Осы салада жұмыспен қамтылған азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерге (зейнетақы, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру және т.б.) қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Бүгінде елімізде 500 мыңнан астам азамат түрлі интернет-платформаларда («Яндекс.Такси», «Uber», InDrive және т.б. такси қызметтері, «Глово», «Волт» курьерлік жеткізілімдері және т.б.) жұмыс істейді.
Платформадағы жұмысқа орналасудың негізгі артықшылықтары – негізгі жұмыспен біріктіру мүмкіндігі, жұмыс уақытының икемділігі, жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігі.
Айтылды:
«Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылды.
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
- Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өсті.
- Бірінші кезекте ЕТЖ арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады.
- Жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.
Айтылды:
«Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Сондықтан жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
Орындалды:
1) Жол жұмыстарын сапасыз орындағаны үшін жауапты тұлғаларды бақылау мен тартуды Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қамтамасыз етеді.
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті желі бойынша автожол объектілеріне 11 299 инспекциялық тексеру жүзеге асырылды, онда 5 685 бұзушылық анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен 4,1 млрд теңгеге жұмыстарды қайта орындады.
- 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 5 682 тексеріс жүргізілді, 3 357 ақаулар мен бұзушылықтар анықталды. Қорытындысы бойынша мердігер ұйымдар 890 млн теңгеге жұмыстарды қайта орындады.
2) Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Е-Qurylys» бірыңғай ақпараттық жүйесінде процестерді цифрландыру бөлігінде жұмыс жандандырылды.
- «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторы осы жүйеде 40-тан астам орташа жөндеу жобаларында атқарушылық техникалық құжаттаманы жүргізеді.
- Бұдан басқа, осы саладағы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуды көздейтін «ақшаны бояу» тетігін іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол үшін «Е-Qurylys» жүйесі арқылы жол құрылысына «Цифрлық теңге» платформасын енгізу пысықталуда.
- Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы қалыптасты. Бұл платформаның артықшылығы карьерлер мен зауыттарды цифрландыру, өндірушілердің лоббизмін болдырмау, материалдардың сапасы туралы бұрмалау және деректерді үнемі жаңартып отыру. Сондай-ақ, бұл жолдарды салу, жөндеу немесе жөндеу кезінде жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу процесін жеңілдетеді. Базаны өзектендіру және толтыру тұрақты негізде жүргізіледі.
3) Сапасыз асфальтбетон қоспаларын пайдалануды болдырмау үшін ағымдағы жылы ел бойынша жұмыс істеп тұрған 400 асфальтбетон зауытына тексеру жүргізілді. Қорытындысы бойынша оларды қажетті талаптарға сәйкестендіру бойынша ұсынымдар жолданды.
Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.