#
#
Сейсенбі 04/08/2020

Айт күндері елорда мешіттерінде бағыттау орталықтары жұмыс істейді

  • 31.07.2020
  • 0
  • 199

Елімізде енгізілген карантин режиміне орай биылғы Құрбан айт мерекесінде Елорда өкілдігі бойынша «Құрбан айтта қуандыр!» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба аясында арнайы мешіт анықтамалығы іске қосылып, сойған құрбандығының етін құлшылық ордасына әкеліп бергісі келген жандарға ҚМДБ «Зекет» қорына құрбандық етін алуға өтініш білдірген отбасылар мекенжайы ұсынылып отырмақ. Құлшылық ордаларында айт күндері ет қабылдау шарасы жүргізілмейді. 

«Исі мұсылманның ұлық мерекесінде бауырыңызға қарайласып, құрбандық етімен бөліскіңіз келсе, өз қолыңызбен табыстап, етене таныса түсуіңізге таптырмас мүмкіндік. Ол үшін мешіт анықтамалығынан бір отбасының мекенжайын алып, айтпен құттықтап барыңыз! Тек қауіпсіздік және сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеміз!»,-делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жағдайға байланысты қауіпті індетті алдын алу мақсатында QURBAN2020.KZ сайтын іске қосқан болатын. Қазіргі кезде аталмыш сайттың ресми мәліметіне сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбандық етін алуға өтініш білдіргендер саны 4 мыңнан асқан.

Мешіт анықтамалығы: 8 7172 422 455, 8 777 957 28 34

Жанат – «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар