11 жел, 2019 сағат 14:29

Аймағамбетов педагог даярлайтын ЖОО-ларда қандай өзгеріс болатынын айтты

Қазақстанда педагог даярлаумен 20-30 жоғары оқу орны айналысады. Бұл туралы ҚР Параменті Сенатында өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маңызды мәселелердің бірі кадрларды сапалы қайта даярлаумен қамтамасыз етуге байланысты. Бұл жағдай жалпы кардарды даярлауға да қатысты. Өкінішке қарай, бүгінде 50 балл көлеміндегі шекті деңгей жеткіліксіз, яғни тым төмен сияқты. Сондықтан биыл педагогикалық мамандықтарға түсу үшін 50-ден 60 балл деңгейіне дейін көтеру шешімін қабылдадық. Бүгінде бізде 85 жоғары оқу орны педагог даярлаумен айналысып келеді және біз осы ЖОО-ларға талаптарды күшейту бойынша шараларды қабылдаудамыз», - деп тоқталды министр.

Осы орайда педагог даярлауда оқу орындарының сапасына айрықша екпін қойылатынын атап өтті.

«Сәйкесінше, лицензияларды қайтару бойынша жұмыстарды жүргіземіз. Талдау жұмыстары аясында нақты педагогтар даярлайтын 20-30 ЖОО қалуы мүмкін. Бізге саны емес, сапасы керек. Кейбіреулері заңгерлерді оқытып жүрген университеттер немесе басқа да мамандықтарды дайындап жатқан оқу орындары. Олардың барлығы педагог даярлауға кірісіп кеткен. Әрине, біз осы жағдайды өзгертетін боламыз», - деді А. Аймағамбетов.