01 там, 2017 сағат 11:35

Айқын: "Димаш Қытайға бармай тұрып ешкімге керек болмады" деген - бос әңгіме

"Сіздер (өнер адамдары) Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар, байқамадыңыздар" - деген әңгімеге айтарым. - Димашты өзім 2014-н бері танимын. Инста парақшамды сенбесеңіздер қарап шығыңыздар. Және әрқашанда қолдап, өнеріне тәнті болып жүрдік. Өнердегі барлық аға-әпкелері де дәл солай. Әсіресе қолдау көрсеткен Мәдениет және Спорт министрлігі. "Славян базарын" ұтып келген соң (оған дейін де), үлкен-үлкен саxналарға , мемлекеттік маңызды іс-шараларға шығарып демеу көрсеткен де министрлік, оның ішінде Арыстанбек Мұxамедиұлы мырза. Астанадағы Димаштың стадионда, әлемдік деңгейдегі шоу-концертіне де тікелей қолдау көрсеткен жоғарыда айтылған ағамыз. Сондықтан "Қытайға бармай тұрып ешкімге керек болмады" - деген бос әңгіме. Димаштай, Қайраттай, 91 тобындай жтбсс талантты інілеріміз бен қолдаушы ағаларымыз аман болсын!!! Және ең бастысы өнер адамдарын өсіретін де, өшіретін СІЗДЕР аман болыңыздар, құрметты КӨРЕРМЕН ҚАУЫМ!!!

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Әнші Айқын Төлепберген қазақстандықтардың Димаш Құдайберген Қытайға барған шағына дейін қолдау көрмеді деген сөздеріне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өз ойын Айқын Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында білдірді.

"Сіздер (өнер адамдары) Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар, байқамадыңыздар" деген әңгімеге айтарым.Димашты өзім 2014-н бері танимын. Инста парақшамды сенбесеңіздер қарап шығыңыздар. Және әрқашанда қолдап, өнеріне тәнті болып жүрдік. Өнердегі барлық аға-әпкелері де дәл солай. Әсіресе қолдау көрсеткен Мәдениет және Спорт министрлігі", - деп жазған Айқын.

Сондай-ақ, ол Димаш Құдайбергенге "Славян базарын" ұтып келген соң (оған дейін де), үлкен-үлкен саxналарға , мемлекеттік маңызды іс-шараларға шығарып демеу көрсеткен де министрлік, оның ішінде Арыстанбек Мұxамедиұлы мырза екенін айтып өтті.

"Астанадағы Димаштың стадионда, әлемдік деңгейдегі шоу-концертіне де тікелей қолдау көрсеткен жоғарыда айтылған ағамыз. Сондықтан "Қытайға бармай тұрып ешкімге керек болмады" деген - бос әңгіме. Димаштай, Қайраттай, 91 тобындай және т.б. талантты інілеріміз бен қолдаушы ағаларымыз аман болсын!!! Және ең бастысы өнер адамдарын өсіретін де, өшіретін СІЗДЕР аман болыңыздар, құрметті КӨРЕРМЕН ҚАУЫМ!!!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.