25 мау, 2019 сағат 14:52

Айгүл Қапбарова Сенат депутаты атанды

Жаңа сенатор Шымкент қаласының атынан сайланып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясы Шымкент қаласынан Парламент Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2019 жылғы 24 маусымда болған сайлаудың қорытындыларын жариялады.

«Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленсін: Рамиля Рафкатовна Искандероваға 2 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 7,5 пайызы берілді. Айгүл Жарылқасынқызы Қапбароваға 23 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 85,0 пайызы, ал Әлішер Гапиржанович Сатвалдиевке 2 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 7,5 пайызы берілді», - делінген ОСК сайтындағы хабарламада.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде көп дауыс жинаған Айгүл Қапбарова сайланып, оған белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру туралы қаулы шығарылды.