Фото: видеодан скриншот
Белгілі әнші өзінің орындауында трендке айналған биді үздік қайталаған Желі қолданушыларына сыйақы бермек, деп хабарлайды Ult.kz.
«Мен өзімнің тарапымнан белсенділік танытып, билеген үш керемет бишіге жүз доллардан сыйлаймын. Және соңғы салған рилстарымдағы видеода киген сары спорттық киімге қызыққан жандар өте көп екен. Сол спорттық киімімді де ең керемет билеп, өнер көрсеткен аруға сыйлаймын», – деді әнші өзінің TikTok парақшасында.
Айта кетейік, Айгерім Қалаубаеваның жаңа бейнебаянындағы биі желіде трендке айналды.
