Фото:elements.envato.com
Әйелін бірнеше жерден пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған Ақтөбе тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы айыптау актісін жасап, әйелін өлтіруге оқталу, сондай-ақ қамаудан қашып кету дерегі бойынша күдікті, Ақтөбе қаласының тұрғынын сотқа жіберді.
Айыптау актсіне сәйкес, күдікті мас күйінде әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, кейін сол пышақпен өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде ол ойлағанын іске асыра алмады", - деді Дәулембаев.
Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.