Фото: Антикор
Авторлық қадағалау тобының басшысы 9 миллион теңге пара алып жатқан кезінде ұсталды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды.
Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1%-на тең.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.