19 ақп, 2024 сағат 16:03

Автокөлікпен жұмыртқа кіргізуге болмайды: бұйрықтың жобасы жарияланды


Қазақстан шекарасына автокөлікпен тауық жұмыртқасын кіргізуге тыйым салынады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген жобада.


Құжат 1 наурызға дейін талқыланады, бұйрық 1 мамырда күшіне енеді.

"Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2023 жылы экспорт 175,9 млн дананы, ал импорт 286,9 млн дананы құрады", — деп атап өтілген құжатта.