Фото: Ашық дереккөз
Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
42 жастағы күдіктіні көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп қолға түсірген.
"Тексеру барысында ұсталған азаматтың өз елінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынды. Полиция қызметкерлері іздеу жариялаған тарапқа хабарлады. Қазір экстрадициялау мәселесі қаралуда.
